238
Саяжайдағы су мәселесі шешімін тапты
Саяжайдағы су мәселесі шешімін тапты
Сырдария өзенінің су деңгейі төмендеп кетуіне байланысты Сырдария ауданына қарасты «Теплоснабженец» саяжайының тұрғындары атынан Алимов Руслан есімді азамат «Nur Otan» партиясының облыстық филиалына келіп, мәселенің шешілуіне ықпал жасауды сұраған.
Аталған мәселені шешуге байланысты «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Төрешова Ләйлә Бегалықызы облыстағы тиісті мекемелердің өкілдерімен арнайы отырыс өткізіп, мәселені шешудің жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырудың жолдарын қарап, зерттеді.
Нәтижесінде, саяжайды сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар атқарылып, суландыруға арналған 11 бетон науалары (латок) орнатылды. Орнату және жеткізу жұмыстарына тиісті мекемелердің арнайы техникалары (3 кран, 1 жүк көлігі, 2 монипулятор, 1 подъемник) арқылы жүзеге асырылды. Жаз мезгілінде өзеннен саяжайға судың қажетті көлемде келуіне толық мүмкіндік жасалды.
Партия филиалының ұйымдастыруы мен уақытылы әрекеті арқасында саяжай тұрғындарының алдағы маусымда бақшаларын сумен қамтамассыз ету мақсатында жасалған жұмыстар үшін саяжай тұрғыны Руслан Алимов көпшілік атынан өз алғысын айтып, әлеуметтік желі арқылы ризашылығын білдірді.