247
Еліміздің тағы бір аймағында карантин күшейтілді
Еліміздің тағы бір аймағында карантин күшейтілді
Коронавирус жұқтырған тұрғындардың саны азаймауына байланысты Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен өңірде карантин күшейтіледі, деп хабарлады өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Облыста облысаралық, облысішілік, қалааралық тасымалдар тоқтатылады. Қызметкерлердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады (өндірістік қажеттілікке байланысты);
Сондай-ақ түнгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады. Компьютерлік, боулинг-орталықтар жабылады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), спорттық іс-шаралар өткізілмейді. Оған қоса дүкендердің, супермаркеттер мен базарлардың, оқу ордаларының да жұмыс форматы қаулыда нақтыланған.