«Қазақконцерт» ұжымы короновирусқа қарсы вакцина алды

«Қазақконцерт» ұжымы короновирусқа қарсы вакцина алды

«Қазақконцерт» ұжымы короновирусқа қарсы вакцина алды
ашық дереккөзі
2292
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақконцерт» МКҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Спутник V» вакцинасын ерікті түрде қабылдаған «Қазақконцерт» қызметкерлерінің жағдайы қалыпты. Вакцина алуы үшін кәсіпорында егу пункті ұйымдастырылды. Арнайы жасақталған егу бөлмесінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл аймаққа» енгенін ескере келе, «Қазақконцерт» қызметкерлері вакцина салдыруды барынша қолдайтынын жеткізді. Қазіргі уақытта екпе – вирусқа қарсы ең тиімді тәсіл деген ұстанымды қолдаған ұжым екпе алудың екінші бөлігін 3 аптадан кейін қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары