327
Гарвард генетигі өзінің ДНҚ кодын сатылымға шығарды
Гарвард генетигі өзінің ДНҚ кодын сатылымға шығарды
Гарвард профессоры Джордж Черч өзінің генетикалық кодын NFT таңбалауышы ретінде сатылымға шығарып, криптоаукционға қойды, - деп хабарлайды nebula.org.
Джордж Черч бұл идеяның оныкі емес екенін, бірақ ол оны толық мақұлдайтынын айтты. Профессор сауда-саттық ғылымға көбірек назар аудартады деп санайды: "Бұл футуризмнің екі маңызды тақырыбының ерекше қиылысы: генетикалық реттілік және блокчейн технологиялары. Соңғы уақытта олардың әрқайсысы бұрын-соңды болмаған қызығушылық тудырды" - дейді ғалым.