"10 мың доллар – өзімнің ақшам". Парамен ұсталған судья неге әлі қамауға алынбағанын түсіндірді (видео)

ашық дереккөзі
1114
Өте үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінген Медеу ауданының судьясы болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды adyrna.kz ratel.kz сайты жариялаған бейнежазбаға сілтеме жасап. Светлана Жолманова өзіне тағылған айыптың барлығын жоққа шығарды.
— Қазір мен әлі қамауға алынбадым. Пара алды деген күдікке де ілінбедім. Қызметтік кабинетімнен табылған 10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым»,–деді ол.
Судья мәлімдемесінде ескі пәтерін сатқанын айтты.
«Осындай ақшаны жұмыстағы сейфтен басқа қайда сақтау керек?»,– деп сауал тастады судья.
Сондай-ақ ол бұған дейін әлеуметтік желіде жеке кабинетінен 4,5 мың, үйінен 2 миллион 800 мың және көлігінен 600 мың доллар табылды деген ақпараттың да шындыққа жанаспайтынын жеткізді. https://youtu.be/O7IAlFV7QdY

Серіктес жаңалықтары