320
4 мамыр тарихта қандай оқиғалармен есте қалды?
4 мамыр тарихта қандай оқиғалармен есте қалды?
1993 жылы Алматыда Абай атындағы қалалық қордың тұсауы кесілді.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Төле биге ескерткіш орнатылды.
2007 жылы ұзындығы 235-шақырымдық Хромтау-Алтынсарин жаңа теміржол желісі учаскесі пайдалануға берілді. Жаңа теміржол желісі Қазақстанның солтүстігіндегі астықты және орталығындағы өнеркәсіпті аймақтарды елдің батысына қарай ең қысқа жолмен жалғастырады. Бұдан басқа, Қазақстаннан өтетін экспорттық жүктерді балтық және қаратеңіздік айлақтарға өткізетін жаңа жолбағыт жасақталған.
2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы оқу орнының тарихы туралы жаңа мұражай галереясының бірінші тасын және капсуласын қою рәсімі өтті. Шара университеттің 75-жылдық мерейтойына арналған.
Мұражайдың қорында фотоматериалдар, қолжазбалар, кәдесыйлар, сыйлықтар, суреттер, портреттер, кiтаптар, ғалымдардың монографиясы және тағы басқа 14 мың бiрлiк нақты материалдар жинағы бар.
Мұражайдың жалпы ауданы - 900 шаршы метрді алып жатыр. Атап айтқанда, университет тарихының галереясын қосқанда (өткел) - 540 шарша метр, Даңқ залы - 120 шаршы метр, ҚазҰУ - бүгін, ертең залы - 240 шаршы метрді құрайды.
Мұражайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi рәсімделген және құрметті қонақтармен, шетелдік делегациялармен, ардагермен, жастармен кездесулер өткізуге арналған.
2010 жылы елордадағы К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Мәңгілік алау балет-ораториясының премьерасы өтті.
2010 жылы Астана қалалық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы мен Мемлекеттік мұрағат ұжымдары бірігіп Ақмолалықтар - майдан мен тыл шебінде атты мұрағаттық құжаттар жинағын жарыққа шығарды.
2012 жылы Астана қаласында Эстония Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов және Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Паэт қатысты.
2012 жылы Қазақстандағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников Ауған соғысының ардагері қазақстандық Олег Александрович Багаевқа Қызыл Жұлдыз орденін табыс етті. Елші О.Багаевтің Қызыл Жұлдыз орденімен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылдың7 қыркүйегіндегі Жарлығымен марапатталғанын атап өтті.
2013 жылы Алматыда ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді.
2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен атақты әскери басшы - ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, әскер генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы фильм шықты. Авторлар майдан жылдарындағы оның ерлігі, соғыстан кейінгі өмірі жайлы бағалы материалдар жинады. 21 жасында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
2015 жылы Алматыда Рейхстаг ғимаратына Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа (1924-1988) арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тақта Алматы қонақүйінің қасбетіне орнатылды. Бұл жерде Р. Қошқарбаев соғыстан кейін 20 жыл басшы болып еңбек еткен. Еске сала кетейік, Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың бірі қазақ Рақымжан Қошқарбаев болатын. Осы батырлардың ерлік істері өзге ұлттарды кемсітіп, тек өзінің ғана жетістігін насихаттап үйренген Кеңестік өркөкірек өзімшіл жүйенің сол кездегі билік басындағы шолақ белсенділері жоққа шығарып келді.
2017 жылы Бабалар ізімен 65 күндік ғылыми экспедициясы басталды. Ғылыми топ Ресей, Әзербайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдова, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Италия, Франция, Венгрия және Ватикан сияқты елдерге барды.