Жаһандық жылыну: Қырым аралға айналады, Флорида Атлантида сияқты су астына кетеді

Жаһандық жылыну: Қырым аралға айналады, Флорида Атлантида сияқты су астына кетеді

Жаһандық жылыну: Қырым аралға айналады, Флорида Атлантида сияқты су астына кетеді
ашық дереккөзі
1658
Гарвард университетінің планетологтары жаһандық жылынудың нәтижесінде мұхит деңгейінің көтерілуін болжайтын кез-келген болжам тым оптимистік деп мәлімдеді, деп хабарлайды kp.ru. Ғалымдар өздерінің дәлелдерін Science Advances журналында жариялаған. Профессор Джерри Митровицтің (Jerry Mitrovica, Гарвард университетінің ғылыми профессоры) жетекшілігімен ғалымдар жүргізген есептеулерде іс жүзінде жағдай одан да қиын болатыны айтылады. Мұхиттардағы су деңгейі әлдеқайда жоғары болады. Өйткені, қазіргі болжамның барлығы мұздың еруі нәтижесінде пайда болған су жай ғана мұхитқа ағып кетеді деген тұжырымға негізделген. Ғалымдардың пікірінше, олар көп нәрсені ескермей отыр. АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (U. S. Environmental Protection Agency (EPA) зерттеушілері 1913 жылдан бастап жердегі орташа температура біршама көтерілгенін анықтаған. NASA сарапшылары 40 жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келе жатқан бақылауларына сүйене отырып, бұл процесс қайтымсыз болатынын және жерде мұз қалмайтынын болжап отыр.  

Серіктес жаңалықтары