Вакцина алғандарға сыйлыққа сыра берілетін болды

Вакцина алғандарға сыйлыққа сыра берілетін болды

Вакцина алғандарға сыйлыққа сыра берілетін болды
ашық дереккөзі
50250
Нью-Джерси штатының (АҚШ) губернаторы Фил Мёрфи Twitter-дегі жеке парақшасында коронавирусқа қарсы вакцина алған 21 жастан асқан тұрғындарға сыйлық ретінде сыра берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Еuronews агенттігі хабарлайды.
«Мамыр айы бойы вакцинаның бірінші дозасын алған кез келген нью-джерсилік сыра зауыттары ұсынған бағдарламалардың біріне қатысатынын растайтын құжат әкелсе тегін сыра алады», – деп мәлімдеді штат губернаторы.
Ереже бойынша, бұл акцияға 21 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Осылайша, олар тұрғындардың вакцина алуын жылдамдатуды көздеп отыр. Қазірге дейін Нью-Джерси штатының 3,2 миллионнан астам тұрғыны вакцина алды, штат әкімшілігі маусым айының соңына дейін тағы 4,7 миллион тұрғынға вакцина егуді жоспарлауда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Вирджиния штатының (АҚШ) губернаторы Джим Джастис 16-35 жас аралығында вакцина алған тұрғындарға 100 АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілетінін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары