Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене мың ауруға шипа
ашық дереккөзі
1931
Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірбие жүргізді. Бір топтың балаларына бір ай бойы бөдене жұмыртқасын шикілей жұтқызса, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермеді. Нәтижесінде, жұмыртқаны шикідей ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған. Мұрынның қанауы, бас айналу тоқтап, қандағы гемоглобині көбейген. Осыдан кейін бөдене жұмыртқасын пайдалана бастады. Экологиясы нашар аймақтың тұрғындары үшін бөдененің жұмыртқасы өте пайдалы. Жапония елінде бөдене шаруашылықтары жақсы дамыған. Бұл елде жылына 19 миллиардқа жуық бөдене жұмыртқасы өндіріледі. Қажет десеңіз, бөденені зерттейтін орталықтар, институттар бар. Сонымен қатар, бүгінде Қытай, Үндістан, Германия және басқа елді мекендерде бөдене шаруашылығын дамытуға көңіл бөледі. Қазақстанда кең тараған Жапон сұр бөденесін ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап АҚШ-та лабораториялық жануар ретінде пайдалана бастады және «Аполлон» бағдарламасы бойынша, космостық зерттеу жүргізу қатыстырылды. Бөдене жұмыртқасынан 37,8 градус жылылықта 17 күн ішінде балапан өріп шығады. Бұл балапандар 45 күннен кейін әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Бөдене жұмыртқасының құрамы дәрумендерге бай. Ақуыз - 13 г; көмірсулар - 0,5 г; липидтер - 11 г; қаныққан май қышқылдары - 3,6 г; қанықпаған май қышқылдары - 4,3 г; май қышқылдары, қанықпаған - 1,3 г; су - 74,4 г; холестерин - 0,1 мг; натрий - 141 мг; кальций - 64 мг; фосфор - 226 мг; темір - 3,7 мг; калий - 132 мг; магний - 13 мг; а дәрумені - 0,09 мг; в12 дәрумені - 1,6 мкг. Мамандардың айтуынша, аяғы ауыр және емізулі анаға, қарттарға, аурушаң, әлсіз балаларға көптеп тұтынуға болады. Мысалы: диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне, бұлшық ет пен сүйекті қатайтуға, есте сақтау қабілетін арттыруға, бас ауруға, туберкулез бен демікпеге, бүйрек, өкпе, ішек аурулары, асқазандағы жараны емдеуге және т.б көптеген ауруларды жазатын емдік қасиеті баршылық. Тіпті адамды жасартатын қасиетке ие. Бөдене жұмыртқасының құрамында тирозин амин қышқылы косметика саласында кеңінен дамыған. Жұмыртқаның аршылған қабыршағын тастамай жуып, кофе ұнтақтауыштан өткізіп, пайдаңызға жарата аласыз. Дайындалған ұнтақты ірімшік, айран, тамаққа және суға бір шәй қасықтан қосып ішуге де болады. Өйткені, оның құрамының 90 пайызы кальций және 27 микроэлемент бар. Дәріханада сатылатын кальцийлерге қарағанда бөдене жұмыртқасы қабығындағы кальций адам ағзасына өте сіңімді. Сонымен қатар, ағзаға мыс, фтор, күкірт, кремний, мырышқа бай. Ағзадағы кальций молайып, сүйектердің қатаюына ықпалын тигізеді.  

Қызғалдақ Омар

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану және журналистика факультетінің 4-курс студенті

Серіктес жаңалықтары