Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады
ашық дереккөзі
352
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алты басшыны ауыстырды, - деп хабарлайды sputnik.kz.
"Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкіміммен келесі кадрлық өзгерістер енгізідiм. Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болып тағайындалды. Жаңа әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндеттерді қойдым. Әкімдерге жаңа қызметінде сәттілік тілеймін!", — деп хабарлады әкім өзінің Instagram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары