Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек
ашық дереккөзі
233
Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасының қорытындысына сәйкес, иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын аяқтауға қосымша 1 597 008 мың теңге көзделген. Құжатты талқылау барысында мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин зауыттың іске қосылуына кім жауапты екенін сұрады.
"Біз қосымша тағы 1,6 миллиард теңге беріп жатырмыз. Осы зауытқа кім жауапты? Көптен бері ол туралы айтып жүрміз: лентасын қидық, Алексей Владимирович (Цой) пиар науқанын сәтті өткізді. Енді зауытта өнеркәсіптік өндіріс қашан басталатынын нақты айтуымыз керек қой. Кім жауапты?", - деп сұрады ол бірінші вице-премьер Әлихан Смайыловтан.
"Үкімет жауапты. Бұл мәселемен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айналысады. Қазір барлық техникалық жұмысты әкімдік жүргізіп жатыр, олар аяқталысымен білім және ғылым министрлігінің балансына тапсырады", - деп жауап берді Смайылов. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, зауыт жыл соңында іске қосылмақ.

Серіктес жаңалықтары