277
Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен
Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен
Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның 45 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол 19 жасар ұлының жоғалып кеткенін айтқан.
Анықталғандай, мас болған екі жолаушы көлікті айдап кетпек болған. Олар Қатаркөлден Щучинскіге inDriver арқылы тапсырыс берген.
Екі жолаушының мас екенін байқаған жігіт оларды апарудан бас тартып, көліктен түсуді талап еткен. Жанжал төбелеске айналған: жолаушылардың бірі жүргізушіні тұншықтыра бастаған, екіншісі шыны бөтелкемен басынан ұрған.
Полицейлер екі күдіктіні – Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғынын және Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғынын ұстады.