Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
51222
1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республи­ка­сы­ның Қорғаныс ми­нистр­лігі болып қайта құрылды. Қор­ғаныс министрі болып генерал-полков­ник С.Нұр­мағамбетов тағайындалды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алғандағы басты қадамдардың бірі болды. Тәуелсіздік 1993 жылғы 8 мамырда тәуелсіз қазақ мемлекеті та­ри­х­ында алғаш рет Алматы қаласындағы Республика алаңында әскери шеру өтті. 1994 жылғы 10 мамырда «Сабин металл корпорейшн» (АҚШ) корпора­циясы зауытында республикадағы тұң­ғыш платина құймасы алынды. Таза­лығы 99,95, жалпы сал­мағы 14 келі болатын алғашқы өнім Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік қоймасына өткізілді. 1995 жылғы 12 мамырда Корея Республикасында Қазақ­стан Республикасының елшілігі ашылды. 1996 жылғы 11 мамырда Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Рес­публикасының президенттері екі ел ара­сындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және те­реңдету туралы бірлескен декларацияға, Каспий теңі­зі­нің мәселелері бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қой­ды. 1998 жылғы 6 мамырда Президент Жарлығымен Қа­зақстан Рес­публикасының астанасы Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өз­геріп, Сарыарқа және Алма­ты аудандары құрылды. 1999 жылғы 7 мамырда ҚР Президентінің Жар­лығымен Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс Туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 1999 жығы 9 мамырда Елбасы Н.Назарбаев Астанада салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс ми­нистрлігінің жаңа кешенін ашты. 2000 жылғы 7 мамырда Астанада Ауғанстанда қаза тап­қан жауынгерлерге арналған ескерткіш мемориал ашыл­ды. Оның гранит плиткаларына 761 жауынгердің есімі қашалып жазылды. 2001 жылғы 11 мамырда Астана қаласында Кенесары ханның ескерт­кі­ші ашылды. 2010 жылғы 7 мамырда Алматыда Екінші Дү­ние­жүзілік соғысқа қатысқан қазақтың алғашқы ұшқыш қы­зы, «Халық Қаһарманы» Хиуаз Дос­панова өмірінің соң­ғы жылдарын өткізген үйде мемориалды тақта ашылды. Сондай-ақ дәл осы күні Атырау қаласындағы скверде Х.Доспановаға ар­нал­ған қола бюст ашылды. 2010 жылғы 11 мамырда Өскеменде, Ұлы Отан со­ғы­сының ардагері жә­не жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке жаңа қола ескерткіш ор­натылды. 2013 жылғы 6 мамырда «Түрікменстан-Өзбекстан-Қа­зақстан-Қытай» газ құбыры ғасыр жобасы аталды. 2016 жылғы 8 мамырда Нью-Йоркте Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясында «Діндер бейбітшілік жолында» атты жо­ғары деңгейлі диалогы өткізілді.

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары