304
Маңызды мәселелер қаралды
Маңызды мәселелер қаралды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қордаланған мәселелерді шешу үшін нұротандықтар иесіз желілерді пайдаланушы ұйымдардың меншігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Электр қуаты мен жылу тарифтерінің бұдан ары өсуіне жол бермеу үшін Халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып, тозған жабдықтарды ауыстыруға және шығынды субсидиялау тетігі арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасын пайдалану ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша партиялықтар өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың ең проблемалы нысандарына партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаттарын бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, енді өңірлік комиссиялар мемлекеттік органдардың, мердігерлік және пайдаланушы компаниялардың өкілдерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды шақыра отырып, осындай мәселелерді кем дегенде тоқсан сайын бір рет талқылайтын болады.