243
Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді
Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады", — деп жазды баспасөз хатшысы.