858
Рак ауруын тудыратын тағы бір себеп анықталды
Рак ауруын тудыратын тағы бір себеп анықталды
Е171 жасанды бояғышы немесе титан дикосиді адам денсаулығына қауіпті екені анықталды. Еуропа елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттік (EFSA) ғалымдары осындай шешімге келіп отыр.
«Ғалымдар қолжетімді барлық ғылыми зерттеулер мен мәліметтерді есепке ала отырып, титан диоксидін тағамдық қоспа ретінде тұтыну қауіпті деген тұжырымға келді», – Еуропа елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттіктің (EFSA) тағамдық қоспа және хош иістендіргіштер бойынша сараптама тобының төрағасы Маджед Юнес.
Профессор жасанды бояғыштың ДНҚ-ны зақымдауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бояғыш жасушада жиналып, обыр ауруын тудыруы мүмкін.
Е171 танымал бояғышы тағам өнеркәсібінде қолданылады. Осы бояғыштың арқасында азық-түлік өнімдерінің сыртқы түрі көз тартып тұрады және оны сақтау мерзімі ұзарады. Сонымен қатар косметика, бояу және дәріде кеңінен қолданылады.