Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеу кезінде іс-түссіз кеткен құтқарушының денесі табылды

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеу кезінде іс-түссіз кеткен құтқарушының денесі табылды

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеу кезінде іс-түссіз кеткен құтқарушының денесі табылды
ашық дереккөзі
345
Жамбыл облысы Шу ауданында сүңгуір қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Жоғалған әйелді 3 сәуірден бастап Тасөткел су қоймасынан іздеу жұмыстары жүргізілген болатын. Іздеу жұмыстары кезінде қатты желден қайық аударылып кетіп, Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Әбдірахманов суға құлаған болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстары дереу басталып, 35 күн бойы жүргізілді. 10 мамырда сағат 12:20-да Шу ауданы Тасөткел ауылынан 3 км жердегі Тасөткел су қоймасы маңындағы қамыс арасынан бас құтқарушы Ж.Ж. Әбдірахмановтың денесі табылды. Әбдірахманов Жұмағали азаматтық қорғау органдарында 2001 жылдың наурыз айынан бастап қызмет атқарған. Үйленген, екі бала тәрбиелеген.

Серіктес жаңалықтары