274
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Серік Құсайынов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Серік Құсайынов Алматы Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
Серік Құсайынов 1964 жылы 8 мамырда Алматы облысының Шамалған станциясында дүниеге келген.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.
Әр жылдары Алматы коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болған.