267
ШҚО әкімі өрттен зардап шеккендерге өтемақы мен жаңа баспана беруге уәде берді
ШҚО әкімі өрттен зардап шеккендерге өтемақы мен жаңа баспана беруге уәде берді
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддерде зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Әкім тұрғын үй мәселесі алдағы екі айда шешілетінін айтты. Департамент пен ХҚКО азаматтардың өртенген құжаттарын қалпына келтіреді. Бұл туралы облыс басшысы Instagram-да жазды.
Даниал Ахметов өртте қаза тапқан кент тұрғыны Галина Спивакованың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан барлық жан-жақты қолдау мен көмек көрсетілетін болады. Өрттен зардап шеккендердің барлығы тұрғын үй алады. Мәселені толық шешу үшін бізге екі жарым ай қажет", - деп жазды облыс әкімі. "Мүліктік шығындарға келетін болсақ, төлемдер заңға сәйкес жүзеге асырылады. Комиссия жұмыс істейді, ол шығындардың құнын анықтайды және заңнама ережелеріне сәйкес өтемақымен айналысады", - деп түсіндірді әкім.ШҚО ТЖД жедел желі телефоны жұмыс істей бастады. Көмекке мұқтаж барлық адам 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады...