Республикалық домбыра фестивалі өтті

Республикалық домбыра фестивалі өтті

Республикалық домбыра фестивалі өтті
ашық дереккөзі
226
Қостанайда Ш.Қабылбаев атындағы полиция академиясының 45 жылдығына орайластырылған республикалық “Домбыра-думан”  фестивалі өтті. Оған Қостанаймен қатар Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы жоғары оқу орындарынан домбырашы жастар қатысты. Фестивальде жастар «Күй» және «Дәстүрлі ән» аталымдары бойынша өнер бәсекесіне түсті. «Күй» аталымы бойынша Ш.Қабылбаев атындағы бас жүлдені М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенті Амангелді Өмірзақов иеленді. Бірінші орынды Қарағанды академиясының курсанттары  Ерхан Жалғасбаев пен Нұржан Құрмантаев алды. Екінші орын Қостанай академиясының курсанты Қуаныш Даутовке, үшінші орын ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының өкілі Ардақ Айтжановқа берілді. «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша Ж.Кәрменов атындағы бас жүлдеге ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының өкілі Олжас Сұрағанов лайық деп шешілді. Бірінші орынды Қостанай академиясының курсанты Сүлеймен Мұхит, екінші орынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Нұрсұлтан Қасым, үшінші орынды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының курсанты Ақан Нұрдәулет иеленді.

Серіктес жаңалықтары