470
Түріктерді мақтаған Қыдырәлі мен Қарақат елдің сынына қалды
Түріктерді мақтаған Қыдырәлі мен Қарақат елдің сынына қалды
Қыдырәлі мен Қарақат түріктерді мақтап, желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды oinet.kz.
- Жақтырмай қараған бірде-бір түрік көрмедік. Ашуланып, қабағын түйіп, менсінбей қараған түрік көрмедік. Жарқын көңілді, ізетті. Ең таңғаларлық нәрсе - базарда әмияныңызды ұмытып кетсеңіз, қуалап жүріп әкеп береді. Жақсысын үйренуіміз керек. Біз соны өзімізге енгізуіміз керек. Өз елімізге. Оны әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз керек. Сонда ұлт ретінде жағдай жақсара түспей ме!? - деді Қарақат пен Қыдырәлі.Жұлдызды жұптың бұл бейнежазбасына жұрт түрлі пікір айтып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын олар Түркияға көшуге үгіттегені үшін сынға қалған еді.