Жазушы Роллан Сейсенбаев 70-ке толды

Жазушы Роллан Сейсенбаев 70-ке толды

Жазушы Роллан Сейсенбаев 70-ке толды
ашық дереккөзі
685
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әдебиетшілер мен ғалымдар, студент жастар «Абай» халықаралық клубы мен «Аманат» әдеби журналының 15 жылдығын және аталған әдеби клуб пен басылымның құрылтайшысы, жазушы Роллан Сейсембаевтың 70 жылдығын атап өтті. Жиынның ашылуында сөз алған ЖОО ректоры Ғалым Мұтанов жазушыны мерейлі жасымен және елеулі еңбектерінің 15 жылдығымен құттықтап, ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері атынан иығына шапан жапты. ҚазҰУ ректоры өз сөзінде «Абай» халықаралық клубы мен «Аманат» журналын «Қазақстанның әдеби бренді» деп атады. «Бүгінде қазақ жазушысы Роллан Сейсебаевтың клубы қазіргі заман авторлары шығармалары мен әлем әдебиеті жауһарларының 200 томын қалың оқырманға жеткізіп отыр. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше еңбек. «Абай» халықаралық журналы мен «Аманат» журналы - Қазақстанның әдеби бренді», деді Ғ.Мұтанов. Жиын басында сөз алған ҚазҰУ ғалымы Ө.Әбдіманов «Түркісой» Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың құттықтау хатын оқып берді. Жазушы шығармашалығы туралы басты баяндама жасаған филология ғылымдарының докторы Асылан Жақсылықов Роллан Сейсембаевтың «Ібіліс тағы» романына жан-жақты талдау жасады. Конферения барысында «Менің 100 кітабым» жобасының тұсауы кесіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Анықтама: Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Семей инженерлік-технологиялық институтын тәмамдаған. Жазушы, драматург, «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі. Облыстық комсомол комитетінде қызмет еткен. Кейін М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы КСРО Жазушылар одағы басқармасының қазақ әдебиеті жөніндегі кеңесінің жауапты хатшысы болған. Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы», т.б. романдары жарық көрген. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық байқауында жүлдеге ие болған. Оның пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып келеді. Жазушы Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға атсалысып, Англияда Абай үйін ашуға өз үлесін қосқан. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.  

Серіктес жаңалықтары