50255
Студенттерге стипендия бюджеттен тікелей аударылады
Студенттерге стипендия бюджеттен тікелей аударылады
Бакалавриат, магистратура және докторантура бөлімінде грантта оқитын студенттердің стипендиясы тікелей карта шоттарына түсетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Грант – бұл студент алатын қаражаттың мақсатты сомасы. Қазір бұл қаражат тікелей ЖОО-ға аударылған кезде, студент мемлекет оған ақша төлейтінін, ол үшін ақылы негізде оқитындар сияқты тоқсан сайын оқу ақысы төленетінін сезбейді. Сондықтан, қазір біз шартты түрде студенттің эскроу-шотына ақша түсуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, студент бұл қаражатты университеттегі оқу ақысын төлеуден басқа мақсатта пайдалана алмайды. Кредиттердің жинақталуына қарай ол бұл төлемді ЖОО-ға банк арқылы аударатын болады», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Соңғы 30 жылдың ішінде стипендия және жалпы мемлекеттік тапсырыс ЖОО-ға аударылатын. Одан әрі жоғары оқу орындары студенттердің үлгеріміне қарап, стипендия беретін. Біз мұнда көптеген тәуекелдерді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық ықтималын да көріп отырмыз. Біз мұнда көптеген тәуекелдерді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық ықтималын да көріп отырмыз », – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова.Министрдің хабарлауынша, қазір бұл пилоттық жобаға үш ЖОО қатысып жатыр. Бұдан бөлек, 21 ЖОО осы схема бойынша шарт жасасты. Министрлік бұл пилоттық жобаны шілде айына дейін аяқтауды және шілде айынан бастап осы жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, жүйедегі тағы бір оң өзгеріс – басқа ЖОО-ға ауысқан студенттерге грантты сақтай отырып, стипендияны үздіксіз төлеу мүмкіндігі.