Вячеслав Володин - Мемлекеттік Думаның спикері

Вячеслав Володин - Мемлекеттік Думаның спикері

Вячеслав Володин - Мемлекеттік Думаның спикері
ашық дереккөзі
358
Вячеслав Володин жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік Думаның спикері болып сайланды. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарының кандидатурасын президент Владимир Путиннің өзі ұсынған еді.
Вице-спикерлікке "Единая Россия" партиясының депутаты Александр Жуков пен РФКП өкілі Иван Мельников сайланды. Бұған дейін Володин атқарып келген президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне Путин "Росатом" бас директоры Сергей Кириенконы тағайындады. Мемлекеттік корпорациядағы оның орнына Алексей Лихачев отырды. Володин президент әкімшілігі басшылығына 2011 жылы желтоқсанда Владислав Сурковтың отставкасынан кейін кірді. Ол ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етті. Володин 2014 жылы "Валдайлық клубта": "Путин болмаса, қазір Ресей де болмайды" деген сөзімен көпшілікке танымал болған еді.

Серіктес жаңалықтары