Раушангүл МҰҚЫШЕВА, Венгрияда қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Бізге де British Council мен Yunus Emre сияқты қазақ орталығы қажет

Раушангүл МҰҚЫШЕВА, Венгрияда қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Бізге де British Council мен Yunus Emre сияқты қазақ орталығы қажет

Раушангүл МҰҚЫШЕВА, Венгрияда қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Бізге де British Council мен Yunus Emre сияқты қазақ орталығы қажет
ашық дереккөзі
50669
Раушангүл Мұқышева – Венгриядағы Сегед уни­верситеті алтаистика ка­федра­сы­ның қазақ тілі мен әде­бие­тінің оқытушысы, филология ғы­лым­дарының кандидаты, ақын. Ол Венгрия студенттеріне қа­зақ тілін үйретіп қана қой­май, қазақ-мажар әдебиетіндегі үндес­тіктерді зерттеп, екі ел ара­сындағы мә­дени бай­ла­ныс­тың нығаюына септігін тигізіп жүр. Шетелде қазақ тілін оқы­та­тын мамандардың басын бірік­тіретін бір орталық ашу ке­рек деп Президентке ар­найы хат жазған Раушангүл Зақан­қы­зына хабарласып, әңгімелескен едік.  width= – Білуімізше, сіз – Еуропаға қазақ ті­лін оқытуға шақыртылған алғашқы лек­торсыз. Кезінде С.Аманжолов атын­дағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінде сабақ беріп жүрген же­ріңізден бірден Венгрияға шақырту алып­сыз, сол рас па? – Ол рас. Негізі, мен – ШҚО Зайсан ауда­ны­ның тумасымын. Бұл аймақта орыс халқы көп қоныстанған, сондықтан оқудың басым бө­лігі орыс тілінде болды. Біз мектеп бітір­ген­де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қа­зақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылды. Мен – сол кафедраның алғашқы түлегімін. Сон­дай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойын­ша тұңғыш рет тағайындалған Абай атын­дағы стипендияның иегерімін. Жалпы, менің әдебиетке деген әуестігім ерте оянды. Мектеп қабырғасында жүріп өлең жаздым. Тырнақ ал­ды туындыларым «Жалын» журналында жа­рияланды. Сонымен қатар, Т.Айбергенов атын­дағы сыйлықтың лауреаты атандым. Құр өлең жазумен шектелмей, әдебиетті шын­дап зерттегім келді. Сөйтіп, Алматыдағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер инс­титутына аспирантураға оқуға түстім. «Қа­зіргі қазақ әдебиетінің ұлттық мінезді бей­нелеу жүйесі» деген тақырыпта диссертация жазу­ды бастаған кезде Өскеменнен ШҚМУ-дың ректоры хабарласты. Венгрияға ресми сапармен барған ол кісіге Мажарстанның оңтүстігінде орналасқан Сегед қаласындағы университеттің ректоры қазақ тілінен сабақ беретін лектор керек екенін айтқан екен. Сол кезде біздің ректордың есіне бірден мен тү­сіппін. Сөйтіп, ол елге келген соң маған осын­­дай ұсыныс айтты. Ақырында аспи­ран­турадағы оқуымды кейін қалпына келтіру ере­жесі бойынша сосын жалғастырамын деп, ШҚМУ арқылы 1998 жылы Сегед уни­вер­ситетіне қазақ тілінде дәріс оқитын лектор болып жұмысқа тұрдым. Бәлкім, маған дейін шетелге шығып, университеттерде сабақ берген мамандар бар шығар. Бірақ білуімше шетелдің білім министрлігінен ресми түрде Еуропаға қазақ тілін үйретуге шақыртылған алғаш­қы қазақ лекторы – менмін. Ма­жар­лардың еуропалықтардың арасында алғаш болып қазақ тілін үйретуге құлшыныс та­нытқан себептері көп. Өзіңіз білетіндей, Венг­рия Қазақстан тәуелсіздігін алғаш­қы­лардың бірі болып мойындады. Тиісінше екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас ерте орна­ды. Оның үстіне, кезінде қыпшақтың көптеген тайпасы Мажарстанға келіп, қоныс теп­кен, сол себепті мажарлар мен қазақтар­дың бауырлас, туыс халық екенi тарихтан белгiлi.  width= – Байқағанымыздай, шетел уни­вер­ситеттерінде қазақ тілін аймақтану ма­мандығын игеріп жүрген студенттер оқи­ды. Сіз де Орта Азия аймағын зерт­теумен айналысатын сондай кафедрада сабақ бересіз бе? – Жоқ, мен алтаистика кафедрасында са­бақ беремін. 60-қа жуық тілден тұратын алтай тілдері тобына түркі тілдері де кіреді. Осы тілдердің ішінде қазақ тілін мен оқы­та­мын. Бұдан бөлек, кафедрада түрік, жапон, моң­ғол және бурят тілдері оқытылады. Негізі, сту­денттер бірінші курста түрік тілін оқиды. Со­нымен қатар, түркі тілдеріне кіріспе, яғни, олар­дың фонетикасы, морфологиясы, грам­матикасы жалпылама оқытылады. Түрік ті­лін үйреніп алған студенттерге екінші курста қа­зақ тілін үйрету маған оңай. Түрік тілімен ұқсастықтар көп болған соң, олар қазақ тілін еш қиындықсыз меңгереді. Әсіресе, оларға қа­зақ әріптерінің дыбысталуы ерекше ұнай­ды. Мысалы, түрік тілінде қ әрпі жоқ, сон­дық­тан олардың алғашында осындай әріптің ды­бысталуын естіп, таңғалғаны бар. Ал ғ әр­пін француз тіліндегі әріпке ұқсайды екен деп, жарыса дыбыстап отырады. Мажар ті­лін­де ә, ө, ү деген әріптер бар. Сол себепті өз тіл­дерімен ұқсастығына да, өзгешелігіне де қы­зыққан олар қазақ тілін оқуға ерекше ден қоя­ды. Сөздің шыны керек, Венгрияда алғаш­қы жылы қазақ тілін оқыту қиын болды. Десек те қазір барлығы орнына келді. Қазақ-ма­жар сөздігі жоқ, дегенмен ара-тұра қазақ-ағыл­шын сөздігін қолданамыз. Сондай-ақ, елге барған сайын түрлі кітаптар мен оқу­лықтар алып келемін. Жалпы, Венгрияда бакалавриат үш жылға жалғасатындықтан, студенттер қазақ тілін екінші және үшінші курс бойы оқып, бітірер кезде емтихан тапсырады. Сосын бакалавриатта қазақ тілі пәнін оқығандар магистратурада тағы бір жыл қазақша сабақ оқиды. Бастапқыда қазақ тілінің грамматикасын ғана оқытатынмын. Кейін венгр тілін меңгерген соң басшылық маған осы тілдегі сабақтарды оқытуды сеніп тапсырды. Қазақтың салт-дәстүрі, тарихы туралы мағлұмат беретін Елтану сабағын бұрын тек қазақ тілінде оқытсам, қазір бұл са­бақты мажар тілінде өткіземін. Осы ретте бір айта ке­терлігі, мажарлар біздің дәс­түрі­мізге, со­ның ішінде саятшылыққа, бүркіт бап­тау ісіне ерекше қызығады. Өйткені венгрлер – Еу­ропада саятшылықпен ай­на­лысатын жал­ғыз халық. Тарихына үңілсек, олар бұл дәстүрді Азиядан алып келген. Оған қоса, ел арасында «мажар ат үстінде дүниеге келіп, ат үстінде өледі» деген түсінік бар. Сон­дықтан олар қазақ­тар секілді жылқы жануарын ерекше қастерлейді әрі ат үстіндегі ойын­дарға қы­зығу­шылығы мол. Елтану сабағынан бөлек, қазақ әдебиетін мажар ті­лінде оқытамын. Сондай-ақ, Орта Азия хал­қы мәдениетінің тарихы мен стилистика деген пәндер бойынша сабақ беремін. Бұдан бөлек, аударма сабағы бар. Онда қазақ тіліндегі ер­тегілерді мажар тіліне аударамыз.  width= – Венгрияда қазақ тіліне тек сту­дент­тер емес, сонымен қатар, білікті маман­дар да қызығады екен. Мысалы, Венг­рияға есімі белгілі профессор Золтан Бу­зады Абайдың өлеңдерін сіз арқылы бі­ліп, жатқа айтып жүр... – Жалпы, біздің кафедраның студенттері ға­на емес, сондай-ақ университетте қазақ ті­лінің оқытылатынын естіген медицина, ма­тематика секілді өзге мамандық бойынша оқып жатқан студенттерге де сабақ бердім. Сонымен қатар, жастардан бөлек, өз орта­сын­да беделді венгрлердің де қазақ тілін үй­ренуге әуестігі бар. Венгрияға келген соң, жұмыс барысымен мажар қоғамымен етене араласуым керек болды. Ғылыми ортамның ауқымы кеңейген сайын университеттен тыс жерлерге лекция оқуға жиі шақыра бастады. Ел­шіліктер ұйымдастырған әртүрлі кон­ферен­циялар мен кездесулерде профес­сорлар, ғалымдармен таныстым. Бұдан бөлек, Сегедтің ішінде жұмыс істейтін бірнеше ұйым және бұл қалаға жақын орналасқан өзге қаланың әкімшілігі Қазақстан туралы лекция оқуға шақырды. Тіпті бірде бізге қа­тысы жоқ басқа кәсіппен айналысатын жа­пон фирмасының өкілі «Кеңсемізге арнайы келіп, Қазақстан туралы айтып беріңізші» деп Будапештке шақырды. Ол уақытта венгрлердің Қазақстан туралы білетіні аз, олар елге ресми сапармен баруға жүрексінген көрінеді. Жалпы, еуропалықтар өзге елге табан тигізбес бұрын, алдымен сол елдің қан­шалықты қауіпсіз екенін егжей-тегжейлі зерттеп алады ғой. Сөйтіп, сол кездесуде Қа­зақстанның өркениетті, зайырлы, эко­логия жағынан қауіпсіз ел екенін айтып, шетел­діктерге екі сағат бойы дәріс оқыдым. Ақы­рын­да сол дәрістен кейін компания қыз­мет­керлері Қазақстанға баруға келісті. Сондай-ақ, мені Венгриядан өзге елдерге де шақы­ра­ды. Дегенмен, осындай кездесулерге шақыр­ған­да ұйымдастырушыларға басты міндетім – қызметкерлерге Қазақстан жайында баяндау емес, қазақ тілін оқыту екенін баса айтамын. Асыра сілтеп айтқаным емес, Қазақстанды уни­верситет қабырғасынан бөлек, өзге шет ел­дерде де насихаттап, елдің имиджін кө­теруге шама-шарқым келгенше атсалыстым деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде қыруар шаруа атқарылып, көптеген іс-шара өткізілді. Венгриядағы Қазақстан Елшілігі үлкен қолдау білдіреді. Есте қалғаны, Астананың жиырма жыл­ды­ғына байланысты студенттер арасында елор­да туралы эссе жазудан байқау ұйым­дас­тыр­дық. Сонымен қатар, екі рет Абай оқуларын өткіздік. Қазақ ертегілерін мажар тіліне әріптесім Моника Биачимен бірігіп аударып, «Хан және уәзір» деген атпен жарияладық. Мұның барлығын университеттің қолдауын­сыз жалғыз атқарып шығу мүмкін емес. Сондай-ақ, студенттер де қандай іс-шара бол­ма­сын, белсенділік танытып, қолдау көр­се­теді. Алдағы уақытта қазақ тілі бөлімі Венг­рия астанасы Будапештте де ашылса жақ­сы болар еді. Өйткені жоғарыда айтып өт­кенімдей, венгрлердің қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы жоғары.  width= – Кейінгі кезде шетелдік жоғары оқу орын­дарында қазақ тілі бөлімі көптеп ашылып жатыр. Онда қазақ тілін үйре­тетін мамандардың кейбірі сіз секілді ар­найы шақырылса, енді бірі тіл мама­ны болмаса да, өз бетімен сабақ беріп жүр. Сол әріптестеріңіздің басын бірік­тіретін, қазақ тілін шетелдіктерге үй­рету­ге бағытталған қандай да бір ортақ жүйе бар ма? – Осыдан екі жыл бұрын дәл осы мәсе­ле­ні бірнеше пунктке бөліп, Президентке ар­найы хат жазғанмын. Бізге тіл мамандарын қа­зақ тілін шетелдіктерге үйретуге баулитын ар­найы институт ашу керек. Қарасаңыз, көп­теген ел мәдениеті мен тілін насихаттау мақ­­­­сатында әлем халқы танитын орталықтар ашып алған. Мысалы, немістердің Гете инс­титутын, венгрлердің Балинт Балаши инс­титутын, түріктердің Yunus Emre атындағы орталығын, ағылшындардың British Council ұйымын, орыстардың Пушкин үйін, фран­цуздардың Alliance Française орталығын біл­мейтін адам кемде-кем шығар. Сол секілді біз­де де өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйре­тетін мамандарды арнайы даярлайтын инс­титут болуы керек. Сол институтқа Абай есі­­мін берсек деп ұсыныс тастаған бола­тын­мын. Бұл институт Абайды шетелдіктерге насихаттаудың бір жолы болсын, десек те бұл орталық шетелде қазақ тілін насихат­тау­мен ғана айналысуы қажет. Аудан, облыс, рес­публика көлемінде іріктелген тіл ма­ман­дары арнайы конкурс арқылы таңдалып, төрт жыл сол институтта оқуы керек. Бұдан бөлек, сол орталықта қазақ тілі оқулықтарын А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­ти­тутының мамандарымен бірлесе әзір­лейтін ға­лымдар жұмыс істесе екен деймін. Осын­дай жеке орталығымыз болса ғана қазақ тілі әлемдік аренада кеңінен насихатталады. Кей­де елден Венгрияға мені арнайы іздеп кел­ген журналистер «Сіз венгрлерге қазақ ті­лін қалай оқытып жатырсыз? Қандай оқу құралын қолданасыз?» деген сауалды алға тартып, қысқа репортаж түсіріп қайтады. Ал бі­рақ Венгрияда қазақ тілі қалай оқытылып жа­тыр, қандай кітап керек, қазақ тілін оқы­туда қандай мәселе бар, не жетіспейді, қан­дай мамандар бар, қанша жалақы төленеді де­ген секілді мәселеге жоғары лауазымды адам­дардың ешбірі бас қатырмайды. Мы­салы, маған осында қазақ тілі мен әде­биетін оқытып жүргенім үшін Венгрия министрлігі жа­лақы төлеп, медициналық сақтандыру жә­не үй-жаймен қамтамасыз етіп отыр. Бұл мә­селені тек Венгрия емес, сондай-ақ Қа­зақ­стан тарапы да қамқорлығына алу керек деп ойлаймын. Қазір өзіңіз айтқандай әлемнің әр түкпірінде әркім қазақ тілін өз бетінше оқытып жүр. Қазақ тілін үйретуге әр маман өзі жауапты болмай, мұны жіті бақылайтын Қа­зақстанда бір орталық болуы керек. Сол ма­мандар жылына бір рет бас қосып, өзі сабақ беріп жүрген ұлт өкілдерінің тіл үйрету тәжірибесін ортаға салып, қазақ тілінің мына бөлімін қалай оқытсақ болады, мына­дай форматта оқулық әзірлесек қалай бо­лады деген секілді мәселелерді бірлесе тал­қыласа қандай керемет болар еді. Әлбетте, әр елден ашылған Қазақстан елшілігінің өкіл­дері шама-шарқысы жеткенше көмек­те­седі, десек те олардың қазақ тілін жетіл­діру­ден де бөлек айналысатын өзге қыруар жұ­мыстары бар. Президентіміздің бір сөзінде «Дип­ломатияның құралы – тіл» деп айтқаны бар. Сол себепті қазақ тілінің мәртебесін ха­лық­аралық деңгейге жеткіземіз десек бізде осындай институт ашылуы керек.  width= – Президент сол хатыңызға жауап бер­ді ме? – Иә, Білім және ғылым министрлігінен жауап алғанмын. Елден жы­рақ жүрген соң, мұны еститін құлаққа жеткізу қиын. Жалпы, қазақ тілінің маманы болған соң, тілді қалай дамытсам болады деп көп нәрсені армандаймын. Шындап келгенде, мұның барлығы – тек арман күйінде қал­дырмай, іске асыруға болатын дүниелер. Мысалы, әлгі институтты қар­жыландыруға «Самұрық-Қазына», «Қаз­МұнайГаз» секілді ірі компаниялардың жылдық салығының бір пайызы аударылып отырса, қазақ тілінің даму деңгейі бірден өсер ме еді? Осындайда қазақ тіліне шынайы жа­нашыр, адал да арлы азаматтар қолдау біл­діріп жіберсе ғой, шір­кін! Мұны естіген көп­шілік «Шетеліңді қоя тұр, қазақ тілінің мәр­тебесін алдымен өз елімізде көтеріп алайық» деп айтатын шығар.Бірақ шетел­діктердің қазақшаны жетік меңгергенін көрген қазақтар ана тілін намысқа тырысып үйреніп алады ғой?! Бірде бір бизнес форумға қатысқанымда еуропа­лық кәсіпкерлер «Қазақ тілі не үшін керек? Қазақстанға бар­ғанда серіктестермен бәрібір орыс тілінде сөй­лесеміз ғой» дейді. Өзге ұлт өкілдері бізді тәуелсіз ел ретінде танысын десек, ең алды­мен оларға тілімізді сыйлата білуіміз керек. Орыс­ша сөйлеу арқылы орыс тілінің «ғұмы­рын» ұзартып жатырмыз. Осындағы айна­ламмен тек мажар тілінде сөйлесемін. Олар­мен түсінісетін өзге тіл болмағандықтан ма­жар тілін үйренуім қажет болды. Нәти­же­сінде мажарлардың әде­биетіне, мәдениетіне ерек­ше қызықтым. Бізде де Венгриядағыдай екін­ші я үшінші тіл болмаса көпшілік қазақ тілін амалының жоқтығынан үйренеді ғой. Сон­дықтан шетелдіктерге қазақ тілін оқыту мәселесіне немқұрайлы қарамау керек.  width= – Еуропаның оқу орындарында қа­зақ тілінен сабақ беріп жүрген әріп­тес­теріңізбен байланыс бар ма? – Әрине, байланыстамыз. Алдымен Венгриядан бастайтын болсам, белгілі қып­шақтанушы ғалым Иштван Қоңыр Ман­до­кидің жұбайы Оңайша Мандоки кезінде Будапештте сабақ берген. Қазір ол кісі елшіліктің жанынан ашылған Абай орталығын басқарады. Сол жерде де мажарлар қазақша оқи алады. Сондай-ақ, Поль­ша­да Адам Мицкевич атындағы Познань университетінде Абайдың қара сөздерін поляк тіліне аударған профессор Генрих Янковскийдің шақыртуымен Гүлайхан Ақтай есімді оқытушы қазақ тілін үйретеді. Сол Гүлайхан қазақ тілін насихаттауда үлкен жұ­мыс атқарып жүр. Екі жыл бұрын По­ль­шада қазақ тілі оқытушыларының форумын тұңғыш рет ұйымдастырған, сол кезде бірнешеуіміз бас қосқанбыз. Одан басқа Гер­манияның Герцен университетінде Райхан Мұ­хамедова есімді маман бар. Ол кісі қазақ тілі­нің грамматикасын ағылшын тіліне ауда­рып, оқулық жазып шыққан. Неміс тілінің ма­маны болса да бүгінде ол өзі қызмет ететін уни­верситетте қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Сосын Нидерландының Лейден уни­верситетінде Мұрат Әуезовтың қызы про­фессор Зифа-Алуа Әуезова студенттерге тарих, мәдениеттен бөлек, қазақ тілі мен әде­биеті туралы дәріс оқиды.  width= – Отандық телеарнаның біріне бер­ген сұхбатыңызда сізді қазақ тілінің ма­маны емес, мажар мәдениетін зерт­теу­ші деп таныстырды. Кейінгі кезде қа­зақ тіліндегі туындыларды мажар­ша­ға аударып қана қоймай, мажарлардың бірегей шығармаларын тәржімалауды қолға алып жүрсіз. Қазір кімнің еңбегін аударып жатырсыз? – Иә, расымен Қазақстанда кейінгі кезде мені мажар мәдениетін таныстырушы деп ай­тып жүр (күліп). Жоғарыда айтып өтке­нім­дей, мажар тілін үйренген соң, әдебиетіне, мәдениетіне қызықтым. Оның үстіне ақын Ма­ралтай Райымбекұлы «Раушан, осы ма­жар­лардың қандай ақындары бар? Мықтылары бар ма?» деп сұрады. Сөйтіп, мажар ақын­дары­нан Шандор Петөфи, Йожеф Аттила, Ендре Ади және тұраншыл ақын Арпад Земпленидің өлеңдерін, Мориц Жигмондтың екі әңгімесін аудардым. Негізі, Қазақстанда ма­жар тіліндегі өлеңді тікелей аударатын ақын­дар сирек. Сол себепті туындыны еш­кім­нің редакциялауынсыз тәржімалайтын мүм­кіндігім болған соң, қазақ халқымен бай­ланысты көп туындыны аударып, қазақ оқыр­манына таныстырғым келеді. Мысалы, венгрлердің жазған «Түркі нәсілі» деген біре­гей туындысының қырық беті қазақтарға ар­налған. Бұл туындының орыс тіліне ау­дарылған нұсқасы бар, десек те бізбен ру­хани байланысы бар мажарлардың қазақтар туралы өз тілінде қалай жазды екен деген сұрақ мазалайды. «Жазмыш» деген өлеңімде: Аз ба өмірде өзге мұң? Жалғаннан бұл не іздедім? Жолға жырақ шыққаным – Қадірі аз қайран тіл, Қасиетін ұққаным. Қадіріне жетермін, Қарызымды өтермін. Темір етіктен теңгедей, Темір таяқтан тебендей. Қалғанынша Тәңірім, Жол азабы жеңбегей, – деп жырлайтын тұ­сым бар. Мұнда «Темір етіктен теңгедей, Темір таяқ­тан тебендей» деген өлең жолы – Ер Төс­тіктің бауырларын іздеп, жолға шыққанда айтқаны. Мен де сол бізбен тарихи және ру­хани жақындығы бар мажарларға қазақ тілін үйретемін деп жолға шыққандағы жыр­лаған түрім ғой (күліп). Қарап отырсам, осы миссиям бүгінде орындалған секілді.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары