Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
50194
1992 жылғы 22 мамырда Қазақ­стан ЮНЕСКО-ға кірді. 1995 жылғы 26 мамырда Елбасы Н.На­зарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруы­ның жойылғаны жөніндегі үн­деуі баспасөз бетінде жарық көрді. 1996 жылғы 23 мамырда Елбасы Н.На­зарбаевтың «Л.Гумилев атын­да­ғы Еуразия уни­верситеті туралы» Жарлығы шық­ты. 2000 жылғы 20 мамырда «Алпамыс батыр» жы­рының 1000 жылдығы республика көлемінде ата­лып өтті. 2005 жылғы 26 мамырда Елордада Түркия пре­мьер-министрі Режеп Ердоғанның ресми сапары барысында Түрік Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты құрылысының іргетасын қалау рәсімі болып өтті. 2006 жылғы 22 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкі­метінің арасындағы «Бай­қоңыр» ғарыш айла­ғы­нан зымырандарды ұшыру кезінде апаттар бол­ған жағдайдағы өза­ра іс-қимыл тәртібі туралы ке­лі­сімді ратифи­кациялау туралы» заңға қол қой­ды. 2010 жылғы 24 мамырда қазақстандық аль­пинистер командасы әлемдегі ең биік он төрт шы­ң­ды түгел бағындырған тұңғыш команда атан­ды. Біздің альпинистер жерден сегіз мың биіктікте орналасқан Лхоцзе (8 516 м) шыңын бағын­дырды. 2011 жылғы 23 мамырда ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссия отыры­сында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Дамаск (Сирия) қаласындағы Сұлтан Бейбарыс музейі мен кітапханасының толығымен қайта жаңғыртылатыны жайлы хабарлады. 2014 жылғы 21 мамырда Елбасы Н.Назарбаев Шанхайда АӨСШК алғашқы пленарлық отырысында сөз сөйлей отырып, Жібек жолы жоба­сының штаб-пәтерін Алматыға көшіру ұсынысын айтты.

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары