Оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алуы мүмкін

Оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алуы мүмкін

Оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алуы мүмкін
ашық дереккөзі
170
Қазақстандық оқушыларға әскери дайындық сабақтарында көлік жүргізуді де үйретеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлады жергілікті баспасөз.
"Көшелерде баланың жарақаттану жағдайлары азаймай отыр. Соған байланысты оқушыларды бастапқы әскери дайындықтан өткізген кезде, оларға жол ережелері мен көлік жүргізуді үйретеміз. Мектеп түлектеріне көлік жүргізу курсын өткені туралы куәлік берілетін болады. Мұғалімдерді қайта даярлықтан өткізуге біздің ақшамыз бар", - деді Сағадиев. Министрдің айтуынша, осы мәселеге қатысты Қорғаныс министрлігімен келісім жасалған. Бұл процесс біртіндеп - 2017 жылдан бастап жүргізіле бастайды. Мектеп оқушыларына аттестатпен қоса жүргізуші куәлігін беру тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.

Серіктес жаңалықтары