336
Air Astana-ға – 19 жыл
Air Astana-ға – 19 жыл
Air Astana-ның алғашқы коммерциялық рейс орындағанына 19 жыл толып отыр. Алғашқы ұшақ 2002 жылы мамырда Алматыдан Астанаға (Нұр-Сұлтан) аттанған еді. Air Astana 19 жылдағы өзгерістер мен тосын жағдайларға қарамастан жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуде, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, экологиялық тұрақтылықты сақтауда жоғары стандарттарға қол жеткізе алды.
Әуекомпания тасымалдаған жолаушылар саны 2002 жылғы 160 мың көрсеткішінен 2020 жылы жаһандық пандемия алдында 5 млн-ға дейін өсті. Қатынайтын бағыт ішкі және сыртқы 60 бағытқа дейін жетті. Ал әуефлоты пайдалану ұзақтығы 3,5 жыл болатын Airbus, Boeing пен Embraer сынды 34 заманауи ұшаққа ие. Air Astana-ның тиімді дамуы SkyTrax, APEX пен Trip Advisor сияқты салалық марапаттармен бірнеше рет дәлелденді.
Air Astana-ның 2019 жылы мамырда FlyArystan деп аталатын Орталық Азиядағы алғашқы лоукостерді іске қосуы стратегиялық маңызды шешім болды. FlyArystan маршруттық желісін Қазақстан ішінде және жақын шетелдерге қатынайтын халықаралық бағыттарға дейін дамытуда. 2 жыл ішінде компания 3 млн жолаушы тасымалдап үлгерді. Пандемияға қарамастан орташа жүктеме 87 пайыз, ал рейстердің уақытылы орындалуы 89 пайыз болды.
Air Astana-ның басқару тиімділігі дәстүрлі халықаралық рейстер айтарлықтай қысқарып немесе мүлде тоқтатылған пандемия кезінде де уақыт сынына төтеп берді. Әуекомпания нарықтың басқа да салаларында жаңа мүмкіндіктер қарастырып, уақыт талабына сай жұмыс істей білді. Осылайша, әуекомпания Малдив аралдары, Мысыр сынды курорттық бағыттар мен Грузияның Батуми және Кутаиси қалаларына тұрақты рейстерін ашты. Сонымен қатар маусым айында Черногория астанасы Подгорицаға қатынайтын тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр.
– «Еуразияның дәл жүрегінен» және «Еуразияның бюджеттік әуекомпаниясы» деген жарнамалық ұрандар компаниямыздың негізін қалаушы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың мақсатын тамаша жеткізеді. Ол 2001 жылғы қыркүйекте BAE Systems-тің өкілі сэр Ричард Эванспен бірге Air Astana-ны, ал 2018 жылғы қарашада FlyArystan компаниясын құру туралы шешім қабылдады, – деп атап өтті Air Astana президенті Питер Фостер.
– Бағытымыздың дұрыс екеніне нық сенімдімін және мақсатымызды компаниялардың қауіпсіз, сервисі бағдарланған, тиімді, тұрақты және моральдық-этикалық тобымен іске асырамыз. Бізді таңдаған клиенттерге және әрқашан алға ұмтылатын әріптестеріме алғыс айтамын.
Air Astana негізі қаланған алғашқы күннен Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келеді. 19 жыл ішінде жалпы салық көлемі 103 млрд теңгеден асты. Авиация үшін қиын саналған жаһандық пандемия кезінде де әуекомпаниясы мемлекеттік субсидияларға өтініш білдірмеді. Air Astana бұрыннан келе жатқан ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары аясында жергілікті топтарға тұрақты түрде көмектесіп келе жатқан қоғамның лайық субъекті саналады.
Бүгін Air Astana туған күніне орай бірнеше халықаралық бағытқа билеттер сатылымы басталды. Толығырақ ақпарат әуекомпанияның ресми сайтында жазылған.
Серік ӘЛІМЖАНОВ