Өзбекстанда мақта термеген отбасылар майды мемлекеттік бағамен ала алмайды

Өзбекстанда мақта термеген отбасылар майды мемлекеттік бағамен ала алмайды

Өзбекстанда мақта термеген отбасылар майды мемлекеттік бағамен ала алмайды
ашық дереккөзі
292
Ферғана облысының Риштан ауданында мақта теруге шықпаған отбасыларға пісте майын белгіленген мемлекеттік бағамен сатудан бас тартты. Ал мақта теруге қатысқан тұрғындар азық-түлік пен өндіріс тауарларын еш кедергісіз алып жүр.
Жергілікті тұрғындардың бірінің хабарлауынша, өсімдік майын Риштан ауданы тұрғындарының тізімі бойынша махалла ақсақалдары таратып жүр. "Ферғана облысындағы Риштан ауданында мақта теруге шықпағандарға азық-түлікті шектеп береді. Отбасының әрбір мүшесіне жарты литр май сатады", - деді тұрғын. Қазіргі таңда мақта майының Риштан ауданындағы коммерциялық дүкеніндегі бағасы - 45 мың сом, ал мемлекеттік дүкендерден осынша майды 32 мыңға сатып алуға болады. Мемлекеттік дүкендердің біріндегі дереккөз мақта майын арнайы тізіммен махалла комитеті тарататынын растады. "Біздің 5-6 дүкенге май жеткізді. Қазір 22 тоннадан бөліп жүр. Май мақта қорынан жеткізіледі", - деді ол. Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтың Ферғана облысына сапары қарсаңында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің барлық қызметкерлері мақта теруге жіберілді.

Серіктес жаңалықтары