991
Қалыбек Қобландин: Қандастар мәселесіне 4 министрлік жауапты
Қалыбек Қобландин: Қандастар мәселесіне 4 министрлік жауапты
"Сырттағы ағайын көшінің саябырсуына бұл мәселені реттеу 4 министрлікке бөлініп кеткені әсер етіп отыр" , - дейді «Қандастар» хабарына сұхбат берген «Отандастар қорының» халықаралық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы, дипломат Қалыбек Қобландин.
Қалыбек Ибрагимұлы Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде дипломаттық қызметтерді атқара жүріп, ғалым ретінде сол елдердегі қандастардың тарихы мен өзекті мәселелерін зерттеумен де айналысқан. Өзбекстандағы қазақтардың тарихы жөнінде докторлық диссернтация қорғаған.
«Қазір қандастардың құжаттарын реттеу, азаматтық беру, әлеуметтік мәселелерін шешу, сараптамалық талдау мен ақпараттық-түсініктемелік жұмыстар 4 министрлікке СІМ, ІІМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне бөлінген. Осыдан кейін үйлестіру мәселелері әлсіреп отыр", - деп есептейді білікті маман.
Ол бұл мәселелермен бір ғана басыбайлы мекеме айналысса,нәтиже болатындығын алға тартады. Толық ақпарат хабардың үнтаспасында.