Елімізде Әлихан Бөкейхан есімімен қанша көше аталады?

Елімізде Әлихан Бөкейхан есімімен қанша көше аталады?

Елімізде Әлихан Бөкейхан есімімен қанша көше аталады?
ашық дереккөзі
1617
Ә.Бөкейханды ұлықтау жөнінде бірқатар депутаттардың атынан түскен сауалға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап қатты, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгінгі күні республика деңгейінде Алаш қайраткерлерінің есімдері 200-ден аса білім және мәдениет мекемелеріне берілген. Алматы қаласында, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында Алаш арыстарының есімдерімен елді мекендер, аудандар, алаңдар, көшелер мен түрлі нысандар аталып, оларға арналған ескерткіштер орнатылған, делінеді жауапта. Ә.Бөкейханның есімі Қарағанды облысында ерекше ұлықталып келеді. 1998 жылы Ақтоғай ауданында "Үш арыс" (Ә.Бөкейхан, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков) ескерткіші орнатылды. Қазіргі таңда ескерткіш тұрған жер Алаш" алаңы деп аталады. 2013 жылы Ә. Бөкейханның туған жері − Ақтоғай ауданында, Жекежал қыстауының орны топырақтан аршылып, іргетасы ретке келтірілді. 2016 жылы Ақтоғайдағы Ә.Бөкейхан атындағы мектеп алдында оған арналған бюст қойылды. 2019 жылы Қарқаралы қаласында Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Әлімхан Ермековке арналған ескерткіш ашылды. Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойы қарсаңында биыл Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына ұлт қайраткерінің есімі берілді. Жалпы өңірде Ә. Бөкейханның есімі 11 көше, 4 мектепке тіркелген. Шымкент қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында Ә. Бөкейханның есімі көшелер мен мектептерге берілген. Ә.Бөкейханның есімі Ақмола обл. – 16 көшеге; Ақтөбе обл. − 2 көшеге; Атырау обл. – 5 көшеге; Жамбыл обл. – 7 көше мен 2 мектепке; Қызылорда обл. – 2 көше мен 1 мектепке, Павлодар обл. – 2 көшеге; Түркістан обл. – 5 көше мен 2 мектепке, Шығыс Қазақстан обл. – 9 көше мен 2 мектепке берілген. 2020 жылы ҚР Ауыл шарушылығы министрлігіне қарасты Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтына Ә. Бөкейханның есімі берілді. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Ә. Бөкейханның есімін беру мәселесі заңнамада белгілінген тәртіппен қаралады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес Тұран даңғылы мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы аллеяға "Алаш" атауын беру мәселесі алдағы уақытта қалалық ономастика комиссиясының кезекті отырысында талқыланады. Сонымен бірге астана әкімшілігі ағымдағы жылы Алаш арыстарына ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ескеркішті орналастыру нұсқалары қарастырылуда. Жалпы Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында, делінген жауапта.

Серіктес жаңалықтары