WBC нұсқасы бойынша еш жеңілмеген Бекман Сойлыбаев рингке қайта оралды

WBC нұсқасы бойынша еш жеңілмеген Бекман Сойлыбаев рингке қайта оралды

WBC нұсқасы бойынша еш жеңілмеген Бекман Сойлыбаев рингке қайта оралды
ашық дереккөзі
271
WBC International нұсқасы бойынша 2-ші жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион, қазақстандық Бекман Сойлыбаевтың (12-0, 4 КО) рингке оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz. Boxrec.com-нің хабарлауынша, Сойлыбаев көптен күткен жекпе-жегін 10 шілдеде Дубайдағы (БАӘ) бокс кешінде өткізеді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады. Сойлыбаевтың қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз. Қазақстандық боксшы кәсіби рингке соңғы рет 2017 жылдың 19 қазанында шыққан. Онда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Monte Carlo Resort and Casino аренасында өткен 10-раундтық жұдырықтасуда Бекман Сойлыбаев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы Фернандо Варгасты жеңіп шыққан.  

Серіктес жаңалықтары