Ресей ғарышқа андроид-робот жібереді

Ресей ғарышқа андроид-робот жібереді

Ресей ғарышқа андроид-робот жібереді
ашық дереккөзі
409
Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин орбиталық кеме экипажының мүшесі ретінде ғарышқа аттанатын андроид-роботты таныстырды. Ол өзінің Faceboоk-тегі парақшасына ресейлік роботтың сынақтан өткен видеосын жариялады. «Тозығы жеткен мемлекет» роботты - орбиталық экипаж мүшесін шығарды», - деп жазды Рогозин. Сондай-ақ ол Перспективалы зерттеулер қорына С.П.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясымен бірлесіп, аталмыш туындыны перспективалы басқарылатын кеме экспедициясына қатыстыру үшін бейімдеуден өткізуді тапсырғанын айтып өтті. Бұған дейін, Ресей үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссия 2018 жылдан кейін Ресей армиясына жауынгерлік роботтардың жеткізіле бастайтынын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары