50244
Қазгидромет Шарындағы дауыл туралы ескерту неліктен жарияланбағанын түсіндірді
Қазгидромет Шарындағы дауыл туралы ескерту неліктен жарияланбағанын түсіндірді
Қазгидромет 29 мамырда жаңбыр мен сел салдарынан екі адам қаза тапқан Шарын ауданындағы дауыл туралы ескерту неліктен жарияланбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Daynews.kz.
Синоптиктер 28 мамыр сағат 12:28-де «Казселезащита» мемлекеттік мекемесіне 29 мамыр күнгі ауа-райы болжамын жібергенін хабарлады. Құжатта таулы аймақтарда, оның ішінде Алматы облысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады деп айтылған.
«Қысқа мерзімді жаңбыр - бұл бірнеше минуттан үш сағатқа дейін, әр түрлі қарқындылықпен жауатын жауын-шашын, яғни аздаған жаңбырдан бастап 1-14 мм жауын-шашынмен қатты жауын-шашынға дейін жалғасады. Ал, Шарында нақты 6 мм жаңбыр жауды. Бұл жағдайда дауылды ескерту жасалмайды. Ауа-райы болжамдарын дайындау және олардың негіздемесін бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес, қауіпті құбылыс критерийлері шеңберінде күтілетін жағдайларда, яғни 15-тен 29 мм-ге дейін жауын-шашын және ұзақтығы - 12 сағат немесе одан аз болғанда дауылды ескерту жасалады»,– деді Қазгидромет өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Шарында болған сел салдарынан Алматыдағы мектептердің бірінде жұмыс істеген мұғалім мен оқушы қаза тапты. Ертесі құтқарушылар селден кейін жоғалып кеткен 11 жасар қызды тапты.
Самал Асқар ЕҰУ Журналистика және Саясаттану факультетінің 3-курс студенті