528
"Франциядан келген". Продюсер Баян Алагөзова текті қой асырайтынын айтты
"Франциядан келген". Продюсер Баян Алагөзова текті қой асырайтынын айтты
Танымал продюсер Баян Алагөзова мейрамханаға қоймен барды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
“Мен қойды ешкімен аздап шатастырамын. Манана - қой! Ол бізге Франциядан келді. Қант жейді, көне көйлектер киеді. Франциядан келгендіктен, үстінен өзінің Отанына тән хош иіс шығады. Бірақ бәрібір көңілінде мұң бар. Оған жақсы жігіт керек сияқты”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.Бірақ оқырман продюсерді сынның астына алып, бұл қылығының менталитетке жат екенін жазды. Қалжың ретінде қабылдағандар да бар.