Шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтардың заңдық статусы нақты белгіленуі қажет

Шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтардың заңдық статусы нақты белгіленуі қажет

Шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтардың заңдық статусы нақты белгіленуі қажет
ашық дереккөзі
513
Өткен айда Қазақстандағы шетел азаматтары ел аумағында жүріп-тұру құқығын байланысты  Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұңдаш Моллашев мәлімдеме жасаған болатын. – 2021 жылғы 5 маусымда шетел азаматтарының Қазақстан аумағында уақытша жүру мерзімі аяқталады. Аталған мерзім ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2020 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен пандемияға байланысты ұзартылған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы құрлықтағы және авиациялық өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, бүгінде 15 мемлекетпен тұрақты әуе қатынасы қайта жаңартылды, – деген еді Мұңдаш Моллашев аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. Дүниежүзі қазақтарның қауымдастығына Моңғолиядан келген бір топ қандасымыз осы мәселеге байланысты арыз-тілектерін айтты. – Шетел азаматтары ретінде бұдан бұрын әртүрлі мақсатта Қазақстанға келіп-кетіп жүрдік. Алайда 2020 жылы пандемияға байланысты Монғолия арасындағы шекара жабылып, ол жаққа қайта алмай қалдық. Осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы Көші-қон полициясы алғашқыда бізге 2021 жылы 5 маусымға дейін Қазақстанда тұруға рұқсат берген. Ал қазір аталған мекеме өкілдері айыппұл төлеп, 15 күннен кейін елден шығуды талап етіп отыр. Біздің «шекара жабық, қалай кетеміз?» деген уәжімізге: «Ұшақ арқылы шығыңдар» дейді, алайда рейстер тым аз және қымбат болғандықтан ұшақ билетін алуға мүмкіндігіміз жоқ. Ықтиярхат алуға құжат тапсырайық десек, көрсетілген мерзім өтіп кеткен деп құжатымызды қабылдамайды. Егер әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда келешекте Қазақстанға келуге және азаматтық алуға үлкен кедергі болмақшы. Осындай жағдай тағы біраз қандастардың басында туындап отыр, – дейді қандастарымыз. Бұл мәселеге байланысты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі Қарлығыш Бекпатшақызы: «Бүгінгі бізге келген моңғолиялық қандастардың бұл мәселеде еш кінәсі жоқ. Қазір Моңғолияның шекарасы ашылды. Бірақ оған біздің елдің шекарсы әлі толық ашылған жоқ. Ортада Ресей шекарасы және бар. Ұшақпен жұрттың бәрі кете алмайды. Біріншіден, рейс аз. Екіншіден, ұшақ Баян-Өлгей аймағына емес, Ұланбатырға қанады. Бұл – қандастар үшін көп шығын. Сондықтан шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтардың заңдық статусын нақты белгілемей, қандастардың мұндай мәселесі күрделене береді. Өйткені, елімізде жүрген шетелдіктердің бір бөлігі өзіміздің қара көз қандастарымыз», – дейді. Ал қандастардың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласынан басқа өңірлердегі Көші-қон мекемелері қандастарға ары қарай тұруға рұқсат беріп, визаларын ұзартып, ықтиярхатқа да құжаттарын қабылдап жатқан көрінеді. Осыған орай «Біздің сұрайтынымыз, ықтиярхат алу жолдарын қарастырып немесе визаның уақытын созып беруге Үкіметтен жеңілдік болса», – дейді олар.

Әділет Мейрамбеков

Серіктес жаңалықтары