50371
UFC-дегі ең мықты спортшылардың бірі Қазақстанның намысын қорғайды
UFC-дегі ең мықты спортшылардың бірі Қазақстанның намысын қорғайды
Аралас жекпе-жек шебері, танымал ресейлік спортшы Мовсар Евлоев қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасына ауысты. Осылайша ол UFC лигасында Қазақстан намысын қорғамақ. Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
Белгілі болғандай, оған қазақстандық клуб жақсы ұсыныс жасаған. Бірақ ол ешқандай қосымша сыйақысыз клуб атынан сынға түсуге келісіпті.
«UFC-де бірінші кезекте аз ғана ингуш ұлтының намысын қорғаймын. Әлбетте, Ресей Федерациясының атынан да қатысамын, өйткені мен – Ресей азаматымын. Өздеріңіз білетіндей, кез-келген вайнах Қазақстанды екінші отаны деп есептейді. Ата-бабаларымыздың ықпалымен қалыптасқан вайнах пен қазақ халқының достық, бауырластық қатынастарын нығайтуға жеке үлесімді қосуға мүмкіндік пайда болғанына қуаныштымын. Бүгіннен бастап мен Arlan Pro командасының құрамында Қазақстанның атынан сынға түсемін. Бұл команда көптеген спортшыға көмектесіп жатыр. Команда жақсы жағдай ұсынды, бірақ менің жағдайым жақсы және бұл команданың атынан ең алдымен бауырластық үшін сынға түспекшімін, сол себепті Arlan Pro командасында өнер көрсеткенім үшін ешқандай қосымша сыйақы алмаймын деп шештім. «Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей қайда бар» - дейді қазақ халқы. Кеңес Рақышевқа, Сандро Галинскийге, Дорханға және атқарылып жатқан жұмысқа қатысы бар барлық адамға алғыс айтамын! Алға Қазақстан!», - деп жазды спортшы Instagram-дағы жеке парақшасында.27 жастағы Евлоев Лига аясында өткізген 15 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен.