«Өліара» қысқаметражды фильмі үздік танылды

«Өліара» қысқаметражды фильмі үздік танылды

«Өліара» қысқаметражды фильмі үздік танылды
ашық дереккөзі
285
Қазақ режиссері Елзат Ескендірдің “Өліара” (“Off-season”) фильмі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен дәстүрлі кинофестивальде үздік қысқаметражды фильм деп танылды. Busan International Film Festival (BIFF) – Азия киноиндустриясында ғана емес, әлемде шоқтығы биік кинобайқау. BIFF кинофестивалінде еліміздің жас киногері Елзат Ескендірдің “Өліара” (“Off-season”) қысқаметражды фильмі Sonje Award аталымында үздік картина деп танылды. Сондай-ақ режиссер 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алды. 21 жылдық тариxы бар Халықаралық Пусан кинофестивалінде World Premiere-сы (әлемдік премьерасы) өткен “Өліара” фильмінің қоюшы режиссеры Елзат Ескендір – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, Ираклий Квирикадзе шеберханасында тәлім алған жас киногер. Сценарий авторлары – Елзат Ескендір және Өміржан Әбдіхалықұлы. Басты рольдерде – белгілі актерлер Асылболат Смағұлов, Баян Қажынәбиева, Дулыға Ақмолда және баланың рөлін Мақсат Әбдірахман ойнады. Елзат Ескендірдің марапатталып жатқан сәтін Фейсбук әлеуметтік желісінде якутиялық SREDA Студиясының қоюшы операторы Иван Семенов құттықтап, осы сәтті мәңгі есте сақтайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары