1222
Қазақ театры халықаралық бәйгеде топ жарды
Қазақ театры халықаралық бәйгеде топ жарды
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан ХІ Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальге 23 елден 24 театры қатысты.
Жарысқа Қазақстан атынан қатысқан Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театры белгілі жазушы, драматург Рақымжан Отарбаевтың «Жалғыздық» пьесасымен «Үздік театр» атанды.
«24 театрдың арасынан озық төрт театрды таңдаған екен. Бұл біздің бабымыз бен бағымыз. Бір ерекшелігі – бұл фестивальде гран-при, 1-орын деген секілді орындар мүлдем болмайды екен. Ереже солай. Әр елден барған театрлардың озық үлгілерін ғана дүйім көрерменге көрсетеді. Бұл қазіргі театр өнерінің бағыт-бағдарын анықтау мақсатында өткізілетін үлкен фестиваль. Бір қуанарлығы екі күн бойы қойылған «Жалғыздық» спектакліне деген жұрттың ықыласы ерекше болды. Ең соңында халықтың және режиссер-драматургтердің бағалауымен «Үздік спектакль» деген атқа ие болды. Театрымыз жасай берсін! Бәріңізіге рақмет!», – дейді қойлымның қоюшы режиссері – Махамбет атындағы облыстық драма театрының Бас режиссері Мұқанғали Томанов.
Сонымен қатар, бүл үздіктер биігінен тағы да үш театр көрінді.