Токио олимпиадасында Қазақстан туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

Токио олимпиадасында Қазақстан туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

Токио олимпиадасында Қазақстан туын кім ұстап шығатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
50230
ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы майор Ольга Рыпакова Токио-2021 олимпиадасында Қазақстан командасының туын ұстаушы болып белгіленді. Еліміздің туын армия спортшысымен бірге бокстан ұлттық команда капитаны, әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Күнқабаев алып жүреді. Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 23 шілдеде Токионың Олимпиада стадионында өтеді. Жапон еліне команда 16 шілдеде аттанады. – Олимпиада ойындарына қатысу және еліміздің басты мемлекеттік нышанын алып жүру – әр спортшының арманы. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік. Себебі, ел бізге үлкен үміт артады. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды, Қарулы Күштерді намысын абыроймен қорғап, Алтын медальдармен үйге оралғымыз келеді, – деп бөлісті майор Ольга Рыпакова. Әскери спортшының мансабындағы бұл төртінші Олимпиада. 2008 жылы Бейжіңде үш рет қарғып секіруде күміс, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылы Риода – қола медаль жеңіп алды. Ольганың қоржынында 2010 жылғы Әлем чемпионы атағы және Құрлықтың кубогы, Қытайдағы Дүниежүзілік әскери ойындардың алтыны, Универсиада, Азия ойындарының алты алтын медалі бар. Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан қатысатын команда құрамында барлығы 95 спортшы, оның ішінде спорттың 27 түрінен орталық спорт клубының 17 өкілі бар.

Серіктес жаңалықтары