369
Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды
Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды
Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) командалары арасындағы келіссөздер күтілген мерзімнен көп жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Геннадий биыл шаршы алаңға шықпайды, деп хабарлады sports.kz.
Айта кетейік, Головкиннің кездесуі 10 желтоқсанда в Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болады деп жоспарланған. Алайда қазақстандықтың өзге қарсыласпен кездесу ниеті жоқ. Джейкобспен кездесу 2017 жылдың алғашқы айларында өтеді деп көзделген.
«Головкин келесі жекпе-жегін Джейкобспен өткізеді, – деді RingTV берген сұхбатында боксшы промоутері Том Лёффлер. – Бұған дейін жұдырықтасу мүмкін емес, өйткені WBA Дэниельмен кездесуді міндеттеді. Геннадий – қазіргі бокста ең белсенді спортшы, алайда осындай жағдайларға тап болғанда, келіссөздерге көп уақыт кетеді».
«Промоция тұрғысында мұндай жекпе-жекке көп дайындалу керек. 10 желтоқсанға дейін аз уақыт қалғандықтан, кездесуді 2017 жылы өткізетін болдық».