Англияда карантин шектеулері алынып тасталмақ

Англияда карантин шектеулері алынып тасталмақ

Англияда карантин шектеулері алынып тасталмақ
ашық дереккөзі
704
Дүйсенбі күні Британия премьер-министрі Борис Джонсон баспасөз конференциясын өткізіп, соның барысында 19 шілдеден бастап коронавирусқа қатысты шектеулердің алынатыны туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Өз сөзінде Джонсон ендігі кезден бастап маскаларды тағу, үйден жұмыс істеу және әлеуметтік қашықтыққа қатысты ережелер мәселесін қозғайды. Англияда шектеулерді алып тастаудың бастапқы датасы 21 маусымға белгіленген, алайда олар коронавирустың жаңа «Дельта» штамын жұқтыру оқиғаларының күрт өсуіне байланысты тағы бір айға ұзартылды. Соңғы шешім бір аптадан кейін шығарылса да, үкімет тыйым салуды ұзартуға мүдделі емес екенін танытты.

Серіктес жаңалықтары