Ғалымдар коронавируспен күресудің жаңа түрін ойлап тапты

Ғалымдар коронавируспен күресудің жаңа түрін ойлап тапты

Ғалымдар коронавируспен күресудің жаңа түрін ойлап тапты
ашық дереккөзі
50238
Канзас штаты университетінің вирусологтары  дейтерленген ингибиторымен жасалатын терапия вирус жүктемеcін айтарлықтай төмендетіп, инфекция кезіндегі өміршеңдікті ұлғайтатындығын анықтаған. Бұл туралы Proceedings of the National Academy of Sciences журналына сілтеме жасай отырып, lenta.ru хабарлады.
Дейтерленген дәрілер – оттегінің бір немесе бірнеше атомы ауыр изотоп – дейтериймен алмастырылған кішірігім молекула түріндегі дәрілік заттар. Зерттеу жүргізушілер бастапқыда мысықтардағы коронавирус инфекциясын емдеу үшін GC376 протеазасының ингибиторын әзірлеген, ол тиімді әрі SARS-CoV-2 қарсы екендігі анықталды. Ғалымдар кейінірек оттегін дейтерийге алмастырып, GC376 түрлендірген және оның SARS-CoV-2 қарсы ықпалын тексеретін болады.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тышқандарды емдеуде оң нәтиже байқалып, вирустың өкпеге таралуы мен салмақ жоғалту азаяды. Нәтиже көрсеткендей, ғалымдар дейтерлеу әдісі COVID-19 емдеу үшін вирусқа қарсы өзге де тәсілдермен қатар қолдануға жарамды деп отыр.

Серіктес жаңалықтары