Түркия Қазақстанға 96 млн доллар инвестиция салды

Түркия Қазақстанға 96 млн доллар инвестиция салды

Түркия Қазақстанға 96 млн доллар инвестиция салды
ашық дереккөзі
1161
Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшілігі Қазақстан Ұлттық банкінің Түркиядан Қазақстанға жасалған инвестицияға байланысты 2021 жылғы алғашқы ширектегі мәліметтерді жариялады. Бұл туралы осы аптада Түркия радио телевизия порталы хабарлады. Мәліметтерге қарағанда 2021 жылдың алғашқы ширегінде Түркиядан Қазақстанға 96.1 миллион долларлық тікелей инвестиция жасалған.  Осы мәлімет 2020 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 139 пайыз артқан. Бұл - 2005 жылғы алғашқы ширектен бергі ең жоғарғы инвестиция ретінде тіркелген. «Сонымен бірге 2005-2020 жылдары арасындағы 1-ші ширекте Түркиядан Қазақстанға орташа 39.7 миллион долларлық тікелей инвестиция жасалған. 2021 жылғы ұқсас мезгілдегі инвестиция аталмыш оршадан 142 пайыз жоғары болды» деп жазды ТРТ порталы.  

Серіктес жаңалықтары