51591
Атақты диқан Шығанақ Берсиев туралы көркем фильм жарық көрмек
Атақты диқан Шығанақ Берсиев туралы көркем фильм жарық көрмек
Бірнеше әлемдік рекорд иесінің өмір жолын қамтитын тарихи драманы ақтөбелік жас режиссер Азамат Айнағұлов қолға алған.
Шығанақ Берсиев – аты аңызға айналған әйгілі тары өсіруші. Қазақ егіншілігінің атасы. 1932-1944 жылдары Ақтөбе облысының «Құрман» ұжымшарында звено жетекшісі болып қызмет еткен. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары әскери ұшақ жасау үшін Мемлекеттік қорғаныс қорына қаржы аударды, өз табысынан тары өткізді. Оның өмірі мен ерен еңбегі Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романына, неміс драматургы Бертольд Брехттің «Тары өсіруші» дастанына арқау болды.– Ол өмірінде қарапайым шаруа болған адам. Ешқандай нақыл сөз қалдырмаған. Ісімен ғана дәлелдеген, ісімен үлгі бола білген. Мен ондай тарихи тұлғалардың тек ғана аты, атағы ғана жатталмау керек деп ойлаймын. Олардың істеген істері ұрпаққа үлгі болуы керек – деді режиссер.Фильм авторлары ауылдастарын бірнеше мәрте аштықтан аман алып қалған ақсақалдың өнегелі өмірі бірнеше көркем туындыға арқау боларына сенімді.