Ауа райы болжамы: 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа райы болжамы: 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа райы болжамы: 44 градусқа дейін ыстық болады
ашық дереккөзі
50207

Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанда 22-24 шілде аралығында күн жылынады, кей жерде ауа температурасы 44 градусқа дейін жетеді.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, оңтүстік және солтүстік облыстардан бөлек аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай ойнайды, екпінді жел тұрып, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42°C-қа дейін көтеріледі. Тек еліміздің батысында 33-41°C жылудан 25-33°C жылуға дейін біртіндеп төмендеу байқалады.  

Серіктес жаңалықтары