Токио-2020: Қазақстандық телеарналар Олимпиада трансляциясын сатып алды

Токио-2020: Қазақстандық телеарналар Олимпиада трансляциясын сатып алды

Токио-2020: Қазақстандық телеарналар Олимпиада трансляциясын сатып алды
ашық дереккөзі
50226
Токиода өтетін Жазғы олимпиада Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі, – деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстандық арналар телетрансляция құқығын сатып алу туралы келісімге келген. Олимпиада ойындары Qazsport, Qazaqstan және «Хабар» арналарынан көрсетіледі. Бұған дейін Олимпиада ойындарын трансляциялаудың құқық иесі Қазақстаннан өте үлкен сома сұрағаны хабарланған болатын. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанда Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы келіссөздердің егжей-тегжейін айтып берген болатын.  Оның айтуынша, Олимпиада ойындарын тарату бойынша құқық иеленуші компания Қазақстаннан өте үлкен сома сұраған.
«Көрші республикалар трансляция үшін төлеген соманы білдім, әлдеқайда төмен болды. Мысалы, Қырғызстан ақпараты бойынша, олар бар болғаны 100 мың доллар төлеген. БАҚ-та Өзбекстан 800 мың доллар төлегені туралы ақпаратты көрдім. Бұл бағаларды салыстырамыз. Әрине, Қазақстандағы Олимпиада ойындарының трансляциясы үшін артық төлегіміз келмейді. Сондықтан қазақстандық телеарналарда трансляция болмауы мүмкін деген мәселе туындады. Шешімі әлі белгісіз, келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақында нақты ақпарат береміз», – деді Спорт комитетінің басшысы.
Еске салайық, Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары