51073
Токио-2020: Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында жартылай финалға өтті
Токио-2020: Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында жартылай финалға өтті
Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин Токиода өтіп жатқан Жазғы олимпиада ойындарының 200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында жартылай финалға өтті.
Бесінші топта сайысқа түскен Дмитрий межеленген қашықтықты 2:08.99 секундта жүзіп өтіп, төртінші орынға табан тіреді. Осылайша, ол жартылай финалға өту мүмкіндігіне ие болды. Жартылай финал сайыстары 27 шілде күні, ал үздік үштікті анықтайтын ақтық бәсеке 28 шілде күні өтеді.
Айта кетейік, Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Жазғы олимпиада ойындарында дәл осы сайыста топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.