Токиода Олимпиада чемпионы атанған спортшы террор ұйымына қатысы бар деген күдікке ілінді

Токиода Олимпиада чемпионы атанған спортшы террор ұйымына қатысы бар деген күдікке ілінді

Токиода Олимпиада чемпионы атанған спортшы террор ұйымына қатысы бар деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
50242
Токиода 10 метр қашықтықтан пневматикалық пистолеттен ату жарысында Олимпиада чемпионы атанған ирандық Джавад Форугхиді террор ұйымына қатысы бар деп кінәлап жатыр. Бұл туралы Eurosport жазады. United for Navid құқық қорғау ұйымы 41 жастағы Джавадты террор ұйымының мүшесі екенін мәлімдеп, мұны тек Иран спортындағы емес, сондай-ақ, халықаралық қауымдастық, Халықаралық олимпиада комитетіндегі масқара жағдай деп айыптап отыр. «Экстремиске Олимпиаданың алтын жүлдесін табыстау – өзге спортшылардың қорлаумен тең әрі бұл Халықаралық олимпиада комитетінің атына қара дақ»,- делінген мәлімдемеде. Сонымен қатар, ұйым мүшелері ресми мәлімдемеде ХОК-ке тез арада тергеу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ тексеріс аяқталғанша спортшыға алтын медальды тапсырмауды сұрайды. [caption id="attachment_152089" align="alignnone" width="640"] width= Photo by Tauseef MUSTAFA / AFP[/caption]

Серіктес жаңалықтары