208
Италияда Қазақстанның экономика күні өтті
Италияда Қазақстанның экономика күні өтті
Италия астанасында өткен «Қазақстан экономикасының күні» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды егемен-ақпарат inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ауқымды шараға отандық және шетелдік инвесторларды қосқанда ұзын-саны 80 адам қатысты. Онда Қазақстан тарапынан барған делегация кәсіпкерлерге ынтымақтастықтың тиімді шарттарын таныстырып, елімізге инвестиция құю жөнінде үндеу жасады.
Басқосу барысында әйгілі Eni концернінің өкілдері «Қазақстандағыдай инвесторларды қолдауға бағытталған тиімді іс-шаралар әлемнің ешбір елінде жоқ» деп жоғары баға берді. Соңғы 10 жылда қазақ елі жалпы құны 6 миллиард долларға жететін Италия инвестициясын тартып, 335 бірлескен кәсіпорындар ашқан.
Конференция барысында италияндық кәсіпкерлерге Астанада өтетін болашақ энергиясына арналған «ЭКСПО» көрмесі таныстырылды.